Архив меток: Жаңақала

Мектептің шатыры құлады

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында қатты желден Маштексай ауылындағы мектептің шатыры құлады.  Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Айболат Букенов өзінің парақшасына  жариялады. Осы жазбаның астындағы комменттерге қарағанда, Маштексайдағы мектептің төбесі осымен бірнеше рет құлап отыр. Пікір жазушылардың бірқатары жөндеу жұмыстарының сапасыздығын сынға алса, кейбіреулер профлист қаңылтырларының ауылдық жердегі құрылысқа қолайсыз екенін жазуда. А.Орынғалиұлы

Читать далее »

Сыныптасының көзіне қалам тығып алды

Оқушы сыныптасының көзіне қалам тығып алды. Оқиға мамыр айының 6 күні Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының орталығындағы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде  орын алды. Бұл туралы «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. Мектеп директоры Әлихан Декартұлынан алған мәлімет бойынша оқиға мектеп қабырғасында таңертенгі 8:40 шамасында болған. 5 сынып оқушысы қаламын алдыңғы партаға абайсызда лақтырған кезде, партаға ...

Читать далее »

Жаңақалада велошеру ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында аудандық «Жастар» спорт клубының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан» жобасы аясында велошеру өтті. Бұл туралы облыс әкімідігінің ресми сайты жариялады. Велошерудің мақсаты — бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру. Аталған спорттық шараға 50-ден астам аудан жастары қатысты. Велошеру аудан орталығынан Орал қаласына шыға берістегі бас қақпадан басталып, аудандық Достық алаңына дейін жалғасты. Айта кетейік, ...

Читать далее »