АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғамОрал

Су тасқынында қатаң сөгіс алған әкім қызметінен кетті

Көктемде су тасқыны басталғанда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтен қатаң сөгіс алған Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов енді қызметінен кетті.  Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Screenshot

Еске салайық,  көктемдегі тасқын ең алдымен қала тұрғындарын әбігерге салды. Тіпті Орал қаласы әкімдігінің ғимаратына дейін су кірді. Осы кезде облыс басшысы аяғына резеңке етік киіп, Оралдың ол шетімен бұл шетіне шапқылап, қала әкіміне сөгіс беріп жүргенде, БҚО-ның біраз ауданын су алып,  төтенше жағдай болды. Қазір кейбір аудандардағы үйдің сапасыз салынып, кірпіштері құлап жатқан видеолар тарап кетті.

 


З. Ахмет.

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button