Тәртіп күзетінде: ұландықтардың мегаполистегі қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын құқық қорғау органы.
Шымкент қаласы көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтауда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506 әскери бөлімісарбаздарының қосып жүрген үлесі зор. Әскери өмірдің ыстық-суығына төзіп, Отан алдындағы борыштарын адал абыроймен өтеп жүрген жауынгерлердің бір күндік қызметімен біз де танысып қайттық.
Тәуелсіз еліміздің ішкі тәртібін күзетіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасның Ұлттық ұлан әскерінің рөлі теңдессіз. Өйткені әскерилер өз міндеттерін күнделікті орындау барысында әкімшілік құқық бұзған, қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстап, қоғамды бұзақылардан «тазартуға» үлес қосады.
6506 әскери бөлімі бөлімінің жауынгерлерімен әңгімелесу барысында олардың Шымқалакөшелерін бақылай жүріп, түрлі оқиғаларға тап болатынын білдік. Осы орайда «әскерге баласын аттандырған ата-ананың алаңдайтын да жөні бар екен-ау» деген ойға қалдық. Әйтсе де, сарбаздардың көздерінен мұндай қорқынышты байқамадық. Керісінше, жанарларынан от ойнаған жігіттер Отанын қорғап, ел-жұртының тыныштығы үшін қызмет етіп жүргендерін мақтан тұтатындарын жеткізді.
Күнделікті көшеге шыққанда қаланың әрбір ауданынан кезекшілікте жүрген әскери жасақты жиі байқаймыз. Мінекей, солардың қырағылығының арқасында әр күн сайын түрлі қылмыстық оқиғаларға тосқауыл қойылып, есірткілік заттармен, дәрілік қарулармен жүрген қоғамға қауіпті азаматтар қолға түседі. Тіпті қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғындар мен жүрісі күдікті қылмыскерлерге де тосқауыл қойылады.
Аталмыш әскери бөлімдегі қоғамдық тәртіпті күзету қызметінің басты міндеті – қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті қадағалау. Шымқалада әскери борыштарын өтеу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жауынгерлер осы істі, жан аямай атқарып жүр. Олар өздеріне жүктелген әскери міндетті жауапкершілікпен орындап, сауатты түрде шебер қимылдап, бұл істерімен Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне пәрменді көмек көрсетіп келеді. Мұның барлығына әскери жасақ жауынгерлерімен бірге жүріп, өзіміз куә болған сәттер айқын дәлел болды.
Сарбаздар жауынгерлік қызметке түспес бұрын, саптық алаңда жауынгерлік бұйрық беріліп таралым өткізілді. Саптық алаңда өткен таралым кезінде сап түзеп тұрған сарбаздардың жауынгерлік қызметке дайын екенін аңғардық. Сапқа қаз-қатар тізілген сарбаздардың әскери формасын рота командирі аға лейтенант Қуандық Батырбек арнайы тексеріп шықты. Содан кейін қолдарына қызмет дәптерлерін ұстаған әскери жасақ бастықтарына,қала аумағында бір тәулік ішінде тіркелген оқиғалар туралы ақпарат жеткізілді. Бұл дәптерге іздеуде жүрген қылмыскерлердің, із-түссіз жоғалған жандардың айрықша белгілері, ұрлық оқиғаларына қатысты деректер жазылады. Тіпті велосипед ұрлығына қатысты ақпараттар да назардан тыс қалмайды. Тағы бір айта кетерлігі, кезекшілікке шығатын әскери жасақпен алдын ала міндетті түрде әдістемелік сабақтар жүргізіледі. Бұдан әрі әскери жасақ арнайы техникамен күзет маршруты бойынша қаланың әр ауданына тасымалданады. Ал бізге 1 жедел мақсаттағыротасының командирі аға лейтенант Қуандық Батырбек бастаған ротаның әскери жасақтарымен бірге жүру бұйырды.
Әскери жасақ құрамы өздеріне берілген аймақта жауынгерлік қызметтеріне кіріспес бұрын аймақты толық тексеріп, әскери жасақ кезекшісіне аймақтағы жағдайды баяндап, тек содан кейін жауынгерлік қызметтеріне кірісті. Қызметті атқару барысында шамамен кешкі сағат 20.00 шамасында «Абай» саябағының ауданында ересектердің қарауынсыз жүрген кішкентай баланы байқады. Баланың адасқаны анықталды. Қатардағы жауынгер Амангелді Жанділдә бастаған әскери жасақ мән-жай туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндады, ол өз кезегінде полиция қызметкерлері арқылы баланың ата-анасын анықтап оны анасына қайтарды.
Екінші оқиға Шымкент қаласының Әл-Фарабиауданында орын алған. Сағат 21.40 шамасындаазаматша өзінің сіңілісін табу туралы өтінішпен Ұлттық ұланның әскери жасағына жүгінді. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Бекзат Советхан менпатрульшілер Аслан Нұрлан мен Хусе Насыровбірден жоғалған қызды іздей бастады. Біразуақыттан кейін ұландықтар бағдарға сәйкес келетінқызды көрді. Әскери жасақ баланың жоғалыпкеткеніне көз жеткізіп, оны әпкесіне қайтарыпберді.
Айта кету керек, ұландықтар қалыптасқан жағдайға жедел және үйлесімді әрекет етті, бұл өз кезегінде одан да ауыр зардаптарды болдырмады.
Барлық жағдайда азаматтар Ұлттық ұланәскери қызметшілеріне қырағы және адал қызметатқарғаны үшін зор алғыстарын білдірді.
Мінекей, бұл бір тәулік ішінде нысанаға іліккен оқиғалар. Осылайша, әскери өмірдің бір күні аяқталды. Казармаға оралған жігіттерді ертеңіне де дәл осындай жауынгерлік міндет күтіп тұрғаны анық. Күннен күнге шыңдалып, әскердегі өмірге бейімделе түскен сарбаздардың небір қызықты да қиын күндерді бастан кешіп жүргеніне көзіміз жетті.
Сарбаздармен қоштасар сәтте олардың кезекшілікке алып шыққан кітапшаларына назар аудардық. Ондағы әрбір жазбада біреудің тағдыры, денсаулығы, құтқарылған өмірлер, ашылған қылмыстар баяндалған. Демек, әскери жасақ кезекшілері көшеде жанымыздан табылса, ол да біздің қауіпсіздігіміз үшін екен.
Әскер қатарында қызмет ете жүріп, азаматтық абыройлы парыздарын өтеп жүрген сарбаздарға жүктелер сенім мол. Осындай сенім үдесінен шығып, ел тұтастығын сақтауға үлес қосып жүрген 1-2024 жылғы шақырылым сарбаздары бұйыртсаалты айдан соң отбасыларына оралады. Ата-анасымен, туыстарымен аман-сау қауышатын жігіттердің әскерден алған әсерімен ұзақ бөлісеріне сенімдіміз.
Капитан Олжас АДИЛЬБЕК
6506 әскери бөлімі