Басты жаңалықтарБілімҚоғам

Мешіттегі масқара

Алматы облысында мешіт имамы балаларды аяусыз ұрып, қамшылаған. Діни сауатын ашпақ болған жасөспірімдер байқаусызда кітап сөресінің әйнегін сындырып алыпты. Ашуға булыққан ұстаз қамшыны бүктеп ұлдарды біртіпдеп тұрып сабаған. Кейбірін қуып жүріп төмпештегені бейнебақылауға түскен. Қатал мұғалімнен қорыққандар «енді қайталамаймын» деп жан ұшыра жалынған.

Оқиға Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде болған. Ата-аналар жазғы демалыста балалары бос жүрмесін деп «Имани жаз» тегін курсына береді. Дін өкілінің бала сабағанын мешіттің наиб имамы да көріпті, бірақ басшылыққа жеткізбеген.

-Дүйсехан Нұрберді өз қателігін мойындап, өкініш білдіріп, ата-аналардан кешірім сұрады. Ата-аналар тарапынан кешірім беріліп, дау-шағымдарының жоқтығы жөнінде жазбаша және видео үнтаспа, қолхаттар алынды. ҚМДБ-ның №2290 бұйрығына сәйкес Дүйсехан Нұрберді мешіт ұстазы қызметінен босатылды. Наиб имам Ашуров Акмал өз өтініші негізінде басқа мешітке ауыстырылды, деп мәлімдеді ҚМДБ.

 

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button