Басты жаңалықтар

Халық Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

Халық белгілі тележурналист Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Талдықорғандағы журналистер үйінде өтті, деп хабарлайды jurnalist.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген Бейсен Абайұлын соңғы сапарға шығарып салуға халық көп жиналды. Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай», «Қарекет» сияқты жобаларына миллиондар разы болса, Жетісу журналистер үйі сияқты өзі мұрындық болып салынған көп дүниесі көпшілікке беймәлім. Ал, өмірінің соңғы алты жылында басшы болған «Жетісуда» Бейсен Құранбек бір шоғыр іні-қарындасына жол көрсетіп кетті. Елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор бола білген жүректі азамат Бейсен Құранбекті халқы шын жақсы көрді. Іні-бауырларын «батыр» деп еркелететін арда тұлғамен ел-жұрт қимай қоштасты.

Басқа материалдар

Back to top button