Басты жаңалықтарҚоғам
Кейбір отбасылар жәрдемақыдан бас тартып жатыр

Солардың бірі Лесхан Шаймерденов есіміді ел тұрғыны Facebook-тегі парақшасына жағдайының жақсы екенін айтып, алып жүрген жәрдемақылардан өз еркімен бас тартатынын мәлімдеген.
-Шүкір, қазір жағдайым жақсы. Сондықтан алып жүрген жекелеген мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдадым. Осы уақытқа дейін көрсетілген көмек үшін рахмет. Әр нәрсенің өз реті бар. Еліміз аман болсын!» деп жазған ол.
Ал журналист Ербол Мәндібек әлеуметтік желіде тағы бір көп балалы отбасының әлеуметтік жәрдемақыдан саналы түрде бас тартқанын жариялады. Кәсібі бар азамат өз отбасын асырауға қауқары жететінін айтып, «менің орныма шын мұқтаждар алсын» депті.
А.Нәби
ФОТО: Ербол Мандибектің парақшасынан





