Басты жаңалықтарДенсаулықҚоғам

Шырылдаған әке денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады

Екібастұз қаласының тұрғыны министр Ақмарал Әлназароваға бейнеүндеу жолдап, көмек сұрады. Кенже Егімбаевтің айтуынша, жақында қызы сырқаттанып ауруханаға түскен. Алайда қалалық медициналық мекемеде қажетті мамандар болмаған, КТ аппараты істемеген.

Кезінде де Екібастұз қаласында уақытында медициналық көмек көрсетілмеуінен жас әкенің қызы мүгедектік алып қалған көрінеді.

Әбден ашынған ата-ана министрге қалалық ауруханадағы жағдай реттелу үшін «осындай жағдай қанша отбасының басынан өту керек» деп ашуланды.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button