Басты жаңалықтарСпорт

Парижге баратын спортшыларға Қарашөкеев ақша берді

Парижге жолдама алған спортшылар  Елдос Сметов пен Асланбек Шымбергенов  туған  жерлерінде құрметке бөленіп, ақшалай сыйлық алды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ел намысын қорғау үшін іріктеу сынында қарсыластарын ұтып, Олимпиадаға лицензия ұтып алған қос чемпионды Таразға шақырып, 2 млн теңгенің сертификатын табыстады. Ал олардың жаттықтырушыларына 500 мың теңгеден берілді.

Еске салайық, дзюдодан екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов 7 маусымда Алматыда өткен іріктеу белдесулерінде Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевты жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған еді. Осылайша, Елдос мансабында үшінші рет Олимпиадаға қатыспақ. Ал бокстан әлем, Азия чемпионы Асланбек наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасына ие болды.

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button