Жоба аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастар үшін əлеуметтік бейімделу, кəсіптік дағдыларды дамыту жəне кəсіпкерлік негіздері бойынша оқыту семинар-тренингтер жиі өткізіледі. Футбол басталғаннан кейін қатысушылар барлық проблемалары мен қорқыныштарын ұмытып жақсы ойын көрсетуге тырысты. Жиынға шаһарымыздың бес ауданынан екі камандадан қатысты. Есептік көрсеткішпен Қаратау ауданының футболшылары топ жарып, жеңіске жетті.
Футбол қатысушыларға жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Ал, бұл психологиялық проблемаларына байланысты əлемді сұр түсте көретін кез келген адам үшін өте маңызды. Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Сонымен қоса, үздік ойыншылар да марапатқа ие болды.
Back to top button