Басты жаңалықтарҚоғам
Елімізге танымал миллардердің ұлын әскерге алып кетті

BI group компаниясының акционері, белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаевтың ұлы әскеге аттаныпты.
Бұл туралы қоғам белсендісі, журналист Ербол Мәндібек жазды. Ел-жұрттан сүйінші сұраған пост авторы қалталы азаматтың баласын Армияға жібергеніне таңданып, әскери бөлімдегілер Рақымбаевтың ұлы келе жатқанын біле ме екен деп, ол жақтағы жағдайды да астарлап жеткізген.
«Сүйінші ағайын. Елімізде ең алғаш рет миллиардер байдың баласы армияға аттанды. Бұндай оқиға тәуелсіздік тариыхында мүлде болмаған. Құрылыс магнаты, шексіз байлық иесі Айдын Рақымбаев көкем кіші ұлын әскерге өз қолымен жөнелтті. «Бұл баланы былтыр Лондонға оқуға жібердім. Дұрыс оқымасаң әскерге жіберем дедім. Мінекей, ұлым сөзінде тұрып елге оралып отан қорғауға аттанды»,-деді Айдын көкем. «Биай груп» компаниясының шотына секунд сайын 100 мың түсетін көкемнің бұл тірлігіне ырза болдым. Ал енді әскери бөлімдегі командирлер Рақымбаевтың ұлы бара жатқанын біледі ме? Күні ертең бұзық балдар ұрып жатса не болады! Себебі әскердегі тәртіп бай кедей болып бөлінбейді деп естіп едім. Қайдан білейін, өзім ДХВ-да сылужит еткен адаммын».
А.Нәби




