Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Мәдина Сәдуақасова 10 жасар ұлына көлік сыйлады

«Оқушыға лексустың керегі қанша?» Мадина Сәдуақасова 10 жасар ұлына су жаңа көлік сыйлап, көпшіліктің сынаны қалды.  Әнші жаңалығымен желіде бөлісіп, сүйіншілеткен еді.

 

Осылайша эстрада жұлдызы жалғыз ұлына 2024 жылғы қымбат көліктің кілтін табыстады. Артынша тізгінге баланың өзі отырмайтынын айтып ақталды. Кәмелетке толғанша оны мектеп, баскетбол, бассейн сынды керек жерлерге жүргізуші таситын көрінеді. Дегенмен желі қолданушыларының басым бөлігі қымбат сыйлықты аса құптамады. Бірі «жеткіншекті жастайынан желпіндіріп керек емес» десе, енді бірі әншінің әрекетін «мақтаншақтыққа» балап жерден алып, жерге салып жатыр.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button