Басты жаңалықтарМәдениет

Қайрат Нұртас 15 тәулікке сотталды

«Ұлы дала баласы», Тұрсынбек. Енді, Қайрат. Соңғы екеуінің жазасы ұшақпен тікелей байланысты. Эстрада жұлдызы «Алматы-Астана» бағытындағы рейсте бір жолаушыға жұдырық ала жүгірген. Ал, жәбірленуші бөтен адам емес әншінің досы екен. Бірге аралас-құралас болған бауыры Қайраттың үстінен шағымданыпты.

«Келтіргенім рас. Бірақ, мені ұрғаннан кейін барып ұрдым оны. Жарақатты бәріміз алдық қой еркекпіз ғой. Кейін барып сол жерде отырдық қой тыныш. Сіздер неге мені ғана кінәлі жасап отырсыздар түсінбедім?», деді Қайрат Нұртас.

Бір қызығы даулы процесс Астана қаласындағы әкімшілік сотта қаралды. Ал, заң бұзушылық Алматы әуежайында тіркелген. Қайраттың өзі Шымкентте ұсталып, қамауға алынған деген ақпарат шықты. Жәбірленуші тарап та елордада емес. Неге екені белгісіз іс дәл осы ғимаратта өтті. Отырысқа екі жақ та онлайн қатысты. Процесс ашық өткенімен, видео түсіруге тараптар қарсылық білдірді.

Әншінің сөзінше, даудың шеті бірер аптадан кейін болатын тойдан басталған. Досы танысының қуанышында өнер көрсетуге өтініш білдірген көрінеді. Қайрат бара алмайтынын айтқанда, жәбірленуші жұдырық ала жүгірген. Істе айыпталушы болған эстрада жұлдызы екінші тарапқа қарсы арыз түсіріпті.

«Сол жерде екеуміз айғайласып жатқанда бортпроводник келіп мені ұстайды. Проводник келіп алып бара жатқанда Қайрат мені ұрады. Екеуміз айқайласып, жанжалдасамыз сомен екеумізді екі жақа отырғызып қояды. Сонда түстік қолымызға наручник салды. Сонымен, полиция қызметкерлері РОВД-ға алып барды»-,деді жәбірленуші.

Ал, басы дауға қалған әнші соттан заң бұзушылығы үшін айыппұл салуды сұрады. Себебі, кестесі тығыз екен, жаз бойы той мен концерттен қолы босамайтын көрінеді.

«Мені жазалайтын болсаңыздар тек қана адм штрафпен жазаласаңыздар. Себебі, менде алда қаншама концерттер бар, тойларым бар», деді Қайрат.

Қайраттың бұл өтінішін процесске қатысқан қорғаушысы да қуаттады. Бірақ, мемлекеттік айыптаушы фемида өкілдерінен 15 тәулікке қамауды сұрады.

«Осыған байланысты құқық бұзушылық әрекеті мен сипатын ескеріп, Айдарбеков Қайрат Нуртасовичті ҚР ӘҚК 434 бабының екінші бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 тәулік әкімшілік қамау тағайындауды сұраймын» деді ҚАЛАЛЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДӘУЛЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ

 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button