Түркістанда ұландықтар ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
25 қарашада Түркістан қаласында орналасқан ҚРІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі 3 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері ұрлық жасады деген күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға С.Ерубаев көшесінде сағат 19.45шамасында болған. Азаматша полицияға қоңыраушалып, оның пәтері ұрланғанын хабарлады.Алынған өтініш бойынша құқық қорғау органдары күдіктіні ұстау үшін Ұлттық ұланның әскери жасағына дереу ақпарат берді. Жарты сағаттан кейін патрульдік топтың бастығы сержант Бақыт Бәймешов пен патрульдік қатардағы жауынгер Дамир Елубайдың келісілген әрекеттерінің нәтижесінде күдікті қылмыс жасалған жердіңжанында ұсталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бұл жағдай әртүрлі құқық қорғау құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын және олардың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасы зетуге дайындығын көрсетеді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жауапкершілік пен кәсібиліктің жоғары дәрежесін көрсете отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.
А.Орынғали