Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Әскери қызметшілердің денсаулығы да назарда

Қорғаныс саласы әскери қызметшілердің әскери дайындығы мен кәсіби шеберлігін  шыңдап, еліміздің қауіпсіздігімен қоса, олардың денсаулығына да аса көңіл аударады. Республика аумағында өтетін ел тұрғындарының болашағы, ертеңіне арналған, кез-келген індеттің алдын-алуға бағытталған шараларға да белсенді қатысып, сала мамандары мен қатардағы сарбаздарды да сақтыққа, денсаулыққа көңіл бөлуге баулиды. Осындай іс-шаралардың бірі 2024 жылғы арналған Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің  әскери бөлімдері мен мекемелерінде “ӨМІРДІ САҚТА” ведемствоаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі   жоспарына сәйкес, Түркістан облысындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен де бірлесіп ұйымдастырылды.  “Облыстық ЖИТС—тің алдын—алу және онымен күресу орталығы” мамандары Есалиев Еркін Сұлтанбайұлы мен Срайыл Ақәділ Ерболұлы департаменттің жеке құрамына АИТВ инфекциясы бойынша дәріс өткізіп, арнайы мағлұматтар жеткізді. Әскери қызметшілер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңестер алды.

А. Бисен

Басқа материалдар

Back to top button