Басты жаңалықтарҚоғам

Биыл пітір садақа қанша болып бекітілді?

Рамазан айындағы берілетін пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеледі.

 

ҚМДБ-ның мәліметі бойынша биыл 640 теңге болып белгіленді. Бұл туралы  muftyat.kz жариялады.

2024 жылғы пітір садақаның мөлшері төмендегі тауарлардың нарықтық орташа бағасымен есептеліп бекітілді:

Бидай 2 кг – 341 теңге.

Ұн 2 кг – 640 теңге.

Арпа 4 кг – 701 теңге.

Мейіз 2 кг – 5745 теңге.

Құрма 4 кг – 8536 теңге.

 

muftyat.kz сайтындағы ақпарат бойынша, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де артық етпейді.

Басқа материалдар

Back to top button