Ширек ғасыр толған шекара
Жуырда 21-қыркүйекте Түркістан облысының Сарыағаш қаласында Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметі Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының 25-жылдық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының саптық алаңында өткен іс-шараға ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Серік Рахимов, ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Мадияр Жумадилов қатысты. Оның ішінде Сарыағаш шекара отрядыныңбұрынғы командирлері полковниктер Абай Брекешов, Сапар Байменовтер мен ҰҚК Шекара қызметінің зейнеткерлері болды.
Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімі мен ҰҚК Төрағасының орынбасары — Шекара қызметі директоры және ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бұйрықтары негізінде қызметте жоғары жетістіктерге жеткен әскери қызметкерлер марапаталды.
Бұдан соң Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының 25-жылдығына арналған шағын концерт қойылып, келген қонақтар шекара басқармасының тыныс-тіршілігі, заманауи үлгідегі қару-жарақ, киім-үлгілері негізінде жасалған көрмемен танысты.
Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының тарихында 1999 жылдың 15-қыркүйегі күні алғашқы Мемлекеттік шекараны қорғауға арналған салтанатты митинг өткізілген болатын.
А.Орынғали