Сыныптасының көзіне қалам тығып алды
Оқушы сыныптасының көзіне қалам тығып алды. Оқиға мамыр айының 6 күні Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының орталығындағы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде орын алды. Бұл туралы «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.
Мектеп директоры Әлихан Декартұлынан алған мәлімет бойынша оқиға мектеп қабырғасында таңертенгі 8:40 шамасында болған. 5 сынып оқушысы қаламын алдыңғы партаға абайсызда лақтырған кезде, партаға тиіп кері ұшқан қалам қарсы отырған сыныптасының көзіне тиген. Көзінен жарақат алған оқушыға мектеп медбикесі алғашқы жәрдем көрсетіп, сол бойда аудандық емханаға жеткізген. Қазіргі таңда жарақат алған оқушы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алуда. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров аталмыш оқиға бойынша ішкі қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.