Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Ринат Зайытов үстіндегі киімін неге лақтырды?

Абай облысы Ақсуат ауылында өткен “Алтын бесік — Ақсуат” спорт және өнер фестивалінде жергілікті халық Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытовқа көлік мінгізген. Мұндайды күтпесе керек, Ринат ерекше толқып, қатты қуанған. Ақсуаттықтарға риза болған ақын сол жеоде үстіндегі костюмін, қолындағы сағатын шешіп, тұрғындарға тарту етті.  Депутаттың эмоцияға берілген сәтін меценат Дулат Тастекеев әлеуметтік желіге бөлісті.
Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында осындай игі шара дәстүрлі түрде өтеді. Елімізжің түкпір-түкпірінен “менмін” деген ақындар келеді.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button