Басты жаңалықтарҚоғам

«Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Елжас Отыншиевті ұстағанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үйлердің жанында дорба-дорба доллардың шашылып жатқаны туралы видео таралған еді. Желіде бұл ақшаны «Самұрық-Қазына» басшысы мен «ҚТЖ» ҰК» басшысы кабинетке Ұлттық қауіпсіздік комитеті кіріп келгенде, кеңсенің терезесінен лақтырып жіберді деген ақпарат тараған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың ұсталғанын растады.

«2026 жылдың 11 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды», — деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Қазір істің  мән-жайын анықтауға арналған тергеу жүріп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты жария еткен жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button