Басты жаңалықтарҚоғамСаясат

Енді Алматылықтар ұшатын таксимен жүреді

Әуе көлігімен Қапшағай мен Медеуге он минутта жетіп барасыз. Ол сағатына 350 шақырымммен 120 метр биіктікте самғайды екен.  Бұл тасымал құралы қазір тек Қытайдың Шэньчжэнь қаласында бар. Енді Алатау мен Алматының арасын жалғап жүйткімек. Парламентте қос палатаның бірлескен отырысында «Алатау қаласының мәртебесі туралы» заң қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алдағы үш айда шаһарды дамытудың стратегиясы дайын болатынын жеткізді.

-Бұл бағытты тестілеуден өткіземіз. Алатау, Қонаев және Алматының бірнеше нысанын жалғаймыз. Мысалы, Алматының әуежайына ұшақпен ұшып келген турист сол аэротаксиге мініп, Медеуге немесе Қапшағай жағалауына 15 минутта ұшып кете алады. Сондықтан бұл бағыт бойынша жылына шамамен 8 млн турист келеді деген жоспарымыз бар. Біз Алатау қаласы экономиканың барлық саласын қамтиды деп ойламаймыз. Бұл – тығырыққа апаратын жол,- деді Қ.Бозымбаев.

Дамудың даңғыл жолына түскен өңірде 1,8 трлн теңгенің 44 инвестициялық жобасы қарастырылып жатыр. Бұл 30 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға сеп болмақ. Алты құрлықты таңдай қақтыратын қалаға әлемдік компанияларда ағылуы тиіс. Өйткені кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік берілмек. Сондай-ақ шаһардың инфрақұрылымын дамытудың жүйелі жоспары құрылған. Бір қызығы Алатауды әкім емес «Бас атқарушы директор» басқарады. Осылайша елді-мекенді көркейтудің заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Оған 527 ұсыныс енгізіліпті.
-Заң жобасында «цифрлық бастапқылық» қағидаты еніп отыр. Алатау «ақылды» қала ретінде цифрлық экономикаға, IT-секторға, ғылыми орталықтар мен технопарктер құруға және жоғары технологиялық өндіріске бағытталған. Бұл цифрландыруға, тікелей инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және заманауи қалалық орта қалыптастыруға бағытталған «ақылды қала» болмақ,-деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button