Басты жаңалықтарҚоғам
Полициядан күдер үзген бір ауыл “көшеміз” деп отыр

Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Малыбай ауылы тұрғындары мал ұрлығынан әбден зәрезап болып отырған көрінеді. Бұл туралы Tizgin.kz ақпарат порталы жариялады.
Жергілікті халық барымтаның жиілегенін айтады. Әбден дәніккен әккі баукеспелер бір түнде айдап кете береді екен.
Тірлігі төрт түлікке қараған тұрғындар малды жайылымға шығаруға қорқып, қамап ұстап отыр. Полицияға айтқанымен, ешқандай нәтиже жоқ.
“Мал ұстай алмасақ, көшеміз” деген ауыл халқы жоғары жақтан полицияның жүмысын ширатып, ұрыларды тауып, оның алдын-алу шараларын күшейтуді сұрап отыр.
Аудандық полиция тұрғындардың арыздары қабылданып, іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған.
А. Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



