Басты жаңалықтарҚоғам

Ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогер ұсталды

Әлеуметтік желіде ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізіп, сәбилердегі түрлі дерті ерлі-зайыптылардың жазасы, жүріс жасағандарының кесірі деп айыптаған блогер жазаланбақ.

Гүлнар Оразалинаның бұл мәлімдемесі ел тұрғындарының, әсіресе ерекше бала тәрибелеп отырған жандардың жан жарасын тырнап, ашуын тудырды. Әлеуметтік желідегі халықтың наразылығынан соң, Астана полициясы блогердің ұсталып, әкімшілік іс қозғалғанын жариялады.

Астана қаласының Полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді.  Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.
Азаматтарды контент жариялауда жауапкершілік танытуға, басқа да адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз, — делінген полицияның хабарламасында.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

 

Басқа материалдар

Back to top button