Басты жаңалықтарҚоғам

Нұр-сұлтандық шенеуніктердің ұялы телефонына хабарласуға болады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшыларының әлеуметтік желіде қолжетімді болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен қалалық басқарма және департамент басшыларына әлеуметтік желіде белсенді болып халықпен тығыз байланыста болуды тапсырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық әкімдер мен басқарма басшылары үнемі халықпен байланыста болуы қажет. Әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпарат-деректердің сапасына ерекше мән берілуі керек. Сондай-ақ, онда бір ғана әлеуметтік не басқа да тақырыпты қозғай бермей барлық мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек. Және де әлеуметтік желі парақшасын жай ғана бар екен деген мағынада ашып қоюдың жа қажеті жоқ, күнделікті жұмыс жүріп отыру керек. Әр басшы өзінің аудиториясын білуі тиіс. Мысалыға мектеп жасындағы жасөспірімдер «Вконтакте» желісін жиі қолданады, демек Білім беру басқармасының қызметкерлері текқ қана Фейсбукте емес «Вконтакте» желісінде де қолдануы тиіс. Ал «Twitter»-ді инвестиция тарту, белгілі бір бренді ілгерілету үшін қолдануға болады. Сондықтан әлеуметтік желіні қолдануды жүйелі түрде қарастыру керек»,- деді Б.Сұлтанов.

Еске сала кетсек, 27 наурыз күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық облыс әкімдеріне халықтың өтініштері мен шағымдарына жылдам әрекет етуді тапсырған болатын.

«Әкімдер халық өтініштеріне тез жауап беріп, түскен сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізуі қажет. Сонымен қоса, әлеуметтік желілерде арнайы топ, мессенджерлер арқылы жұмыс істеп халықпен өзара байланыс орната білгендеріңіз дұрыс. Сол арқылы өз жұмыстарыңызды да көрсетіп, жүргізе аласыздар», — деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы әкімдерімен кездесу кезінде.

 

Басқа материалдар

Back to top button