2027 — «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жарияланды

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында еліміздің құрылыс саласына ерекше көңіл бөлінетінін айтып, 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.
Президент осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз қажеттігін ескертті.
— Таким образом, наш общий всенародный ответ надвигающейся эпохе искусственного интеллекта – строить, еще раз – строить! Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет. Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді,-деді Президент.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



