Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Астанада кран құлап, тұрғындарды басып қала жаздады

Астанадағы ЛРТ алаңында құрылыс краны құлап, тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызды. 25 тонналық ауыр техника тура тұрақтың үстіне түскен. Бұл туралы “Евразия” телеарнасы көрсетті.

«Времена года» тұрғын үй кешеніндегі ағайынның мерекеде берекесі қашты. Таңғы сағат 9 дан кеткенде тарс-тұрс дыбыстан оянды. Сөйтсе тиіп тұрған ЛРТ алаңындағы құрылыс краны құлаған екен. 42 метр, 25 тонналық ауыр техника дәл тұраққа түскен. Сәтін салғанда, бәрі аман. Бірақ екі көлікті езуге шақ қалды, — дейді куәгер.

«Алып кран дәл екі көліктің ортасына түсті. Бізді Құдай сақтады. Бала-шағамызбен үнемі мынау бері құлап кетпесе болды деп қасынан қорқып әрең өтетінбіз. Дені дұрыс қоршау жоқ. Мына масқарадан кейін шара қолданбаса білмеймін»,-дейді қала тұрғыны Юлия Павликовская.

ЛРТ құрылысына қытайлық компания жауапты екен. Қарамағында 3 бірдей қосалқы мердігер істейді. Біреуі аталған алаңдағы тірлікті бірер ай бұрын бастаған. Бүгін ауыр арматураны арғы бетке асырмақ болғанда кран морт сыныпты. Тексеріске келген мамандар қауіпсіздік талаптары сақталмаған,- деп отыр. Ол ол ма, техниканың мұндай жұмысқа рұқсаты да жоқ көрінеді.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button