Басты жаңалықтарҚоғам
Таразда жылуға жарымаған жұрт жыларман күйде

Тараз қаласында жылдар бойы кезекте тұрып баспанаға ие болғандар қазір жыларман күйде. Себебі жаңа үйлерінде жылу мардымсыз. Амалсыздан тұрғындар қосымша жылу көздерін пайдаланады. Одан қалса күн-түні газға су жылытып, амалдап отыр.
Жылудың жырынан бөлек, жаңа нысанның қабырғалары да сыр бере бастапты. Пәтер ішіне сызаттар түскен. Балконнан сыздықтап аққан жаңбыр суы тұрғындардың мазасын одан бетер қашырған.
Қала әкімінің орынбасары 15-шағын ауданға жылу тиісті мөлшерде беріліп тұр. Бар мәселе құбыр ішіндегі ауаға байланысты дейді. Ал қабырғалардағы жарықтар мердігер кепілдік мерзімі аясында жөндемек.
А.Орынғали



