Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Азамат Сатыбалды басқарған ұжым бір жылдай жалақы көрмеген

Алматыда басы даудан арылмайтын Қазақфильмнің аниматорлары шу шығарды. Өйткені, бір жылдан бері жалақы көрмеген актерлар күні кеше өз жқмыс орына кіре алмай сырттан кеткен. Кабинеттерін құлыптап, өздерін қуған басшылық ешнәрсе түсіндірмей далада қалдық дейді. Әйтпесе, қысымен айтқан жобаларын 100пайыз орындап, бүгінде әрқайсымызға 2млн мен 5 млн аралығында қарыз деп отыр.  Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлады.

Азамат Сатыбалдыны шақырып, жұмыс орнына кіре алмай тұрған бұл бір топ аниматорлар. Қазақфильмнің отымен кіріп, күлімен шықтық дейді. Бір тиын сұрамай күнде ертең деген уәдесіне сенген. Алайда, бір жылдан бері көк тиын көрмеген. Көзімізге көк шыбынды үймелетіп тұрып енді кеше жұмыс кабинетімізді жауып тастады деп қапалы.

«Басшылыққа біз уступка жасап жатырмыз былай айтқанда. + 02.46 олар адам сияқты айтып жүрді. Күтіңіздер бәрін береміз деп. Бітіріп беріңіздер деп. Біз сөзімізде тұрдық. Түнде ұйықтамадық бітіріп бердік. + 02.58 еңбекақымызды берсін. Бұл жерде бәрімізде келісімшарт бар. Заңды түрде істегенбіз. Бір тиынымызды қалдыр май берсін»,- дейді БАС АНИМАТОР ЖАНАРЛЫ БАЙДЕРБЕК,

Басшылық ауысқалы шырқымыз қашты дейді көпшілік. Айналдырған 20 шақты аниматорға уақтылы айлық бере алмай отыр екен. Әйтпесе, үкіметтен ақша бөлінбейді емес, түседі тек, жоғарыдағы дөкейлердің текетіресі шыбын жанды актерларға тиіп отырғанға ұқсайды.

«Біздің штатта былтыр 18 адам болды. 18 адам 500млн теңгені ала алмай отыр. Кем дегенде наурыз айында түсу керек еді. Желтоқсанға дейін үкіметтің тапсырысын орындауымыз керек еді. Қазір сол 500млн теңге де жоқ. Аниматорларды қылмыскерлерге балап жатыр» деді АНИМАЦИЯ БАС РЕДАКТОРЫ ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ.

Жұмысшылар күнде кіріп-шығатын шлагбаумды бүгін ашпауға жоғарыдан бұйрық түскен. Қоластындағыларға шықпаған басшылықты іздеп біз өзіміз бардық. Бірақ тура президентті қорғағандай күзетшілері маңына жолатпай әуре. Баса-көктеп кірген соң, журналистерге шығуға мәжбүр болды қара шаңырақ басшылары. Онда да өзі шықпады, қол астындағы қызметкерін жіберіпті. Істің мән-жайын толыққанды айтуға құлқы да болмады оның. Құр Ұлттық киноны қолдау орталығымен соттасып жатырмыз. Ақшаның кешуілдеуі содан дейді.

«Біз барлық жұмысты аяқтадық. Тапсырыс беруші жұмысты қабылдамады. Қазір соттасып жатырмыз. Алғашқы соттан біз жеңілдік. Аппеляцияға бердік. Ол тез бітетін шаруа емес. Алтын адам жобасына аниматорларға 88мың қарызымыз бар. Ақша түссе береміз әрине»,- деді ШӘКЕН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҰЛТТЫҚ КИНОСТУДИЯСЫ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ АЙДАР ОМАРОВ.

Енді мынаны қараңыз, 500 млн теңге 300 жобаның құны. Бір аты әйгілі «Алтын адам» жобасының өзіне 84 мың қарыз екен Қазақфильм. Сот біткенше аниматорлар қалай күн көрсе де өз еркі дейді. Ал, күні кешегі кабинеттерін рұхсатсыз жабуын ішкі тексерістің салдары деп жылы жапты.

Ал, Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп пост шығарды артынша.

Ей, пендем.
Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың.
Соны ұмытпа.

Жала жабу.
Аяқтан шалу.
Жұмыс жасатпау.
Көре алмаушылық.

Бір-екі күнде, ТЕНГРИНЬЮС-қа мақала шығады.
Толық жауап сол жақта болмақ.
Аллаға аманат.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button