Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Мақпал Жүнісова Алматының әкіміне алданып қалғаны рас па?

Алматының әкімі Ерболат Досаевтың суреті  қойылған нөмірден Мақпал Жүнісоваға ватсаптан хабарлама келген. Қаланың басшысы жазды деп ойлаған әнші онымен жарты сағаттай сөйлескен. Алайда Ерболат Досаевтың фотосы тұрған нөмір алаяқтардың әрекеті екен. Алданғанын кеш білген өнер жұлдызы ел-жұрттан “осы нөмір кімге таныс” деп әлеуметтік парақшасына жариялады.
Ал пікір қалдырғандар арасында “қазір әкімдер өздері бұлай жазбайды, көмекшілері хабарласады” деп жазып кетіпті.

Screenshot
Screenshot

А.Нәби

ФОТО: Мақпал Жүнісованың парақшасынан қиып алынды

Басқа материалдар

Back to top button