АЙМАҚБасты жаңалықтарВидеоОралСаясат

Депутат Нартай су тасқынына кім кінәлі екенін айтты

Мәжілістің жиынында Премьер-министрдің атына сауал жолдаған депутат Нартай Сәрсенғалиев тасқынға байланысты бірқатар мәселені көтерді. Атырау мен Батыс Қазақстан облысын аралап келген мәжілісмен су тасқыны бойынша жауапты шенеуніктерді қызметіне, тегіне қарамай қызметінен босату керек деді. Бұл елдің талабы екенін айтты.

Қазақстандағы су қоймалары мен бөгеттер 1950-70 жылдары салынғанын айтқан депутат 1990 жылдан бері  жөндеу көрмегенін алға тартты. 30 жылдың ішінде ғылымға жағдай жасалмаған.

Қазақстандағы биылғы жағдай, су қоймалары мен арналардың қараусыз қалуы «отыз бойғы салғырттықтың салдары екенін мойындағысы келмейтін күштер бар» деді  ол.

Ал қазір кейбір күштер халықты  арандату үшін ақпараттық соғыс жүргізіп жатқанын да ашық айтты Нартай Сәрсенғалиев.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button