Қоғам

Есінен адасқан қазақстандық әйел Түркияда жүр

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда есінен адасқан Қазақстан азаматына қатысты мән-жайды анықтап жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Фэйсбук желісінде Ыстанбұл әуежайында есін жоғалтқан Қазақстаннның азаматшасы туралы ақпарат тараған болатын. «Мен оны 11 маусым күні сағат таңғы 9-да Түркияның әуежайында (Ыстанбұл қаласы) кезіктірдім. Ол өзін біртүрлі сезінді, түсінгенімдей, бір жағдайға душар болып, есін жоғалтқан. Оған көмектесуге тырысып, ұшаққа отыратын билетін сұрағанымызда ...

Читать далее »

Жапониямен салыстырғанда Қазақстандағы шенеуніктердің саны 80 есе көп

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осындай мәселе көтерді. 128 млн халқы бар Жапонияда небәрі 9 мың шенеунік болса, 18 миллион тұрғыны бар Қазақстанда 100 мыңдай шенеунік бар екен.  Оның сөзінше, Қазақстанда жұмыс істейтіндердің 21 пайызы шенеуніктер мен ұлттық компанияның менерджерлері.  Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біздің елде шенеунік көп.  Мәселен, Америкада – 14 %, Австрияда — 10 %   құрайды. Айта кетейік, Ұлттық экономика ...

Читать далее »

Әлеуметтік желілерде суицидке шақыратын жаңа топтар пайда болған

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Бәлиева әлеуметтік желілерде балаларды өз-өзіне қол жұмсауға шақыратын топтар тағы пайда болғаныескертті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері қауіпті пабликтермен айналысып жатыр. Сол себепті Бәлиева ата-аналарға мұқият болып, күмәнді топтар жайлы құқық қорғау органдарына хабарлауын айтты. «Интернетке ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Маған «ВКонтакте» желісінде балаларды өз-өзіне қол жұмсауға шақыратын топтардың пайда болып ...

Читать далее »

Үйсіз жүрген мүгедек арбасын өртеп жіберді

Үштөбеде қол-аяғы жоқ ер адам жергілікті билікке өкпелеп, өзінің арбасын өртеп жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Ер адам көшедегі жұртқа  қол-аяғының  протездерін көрсетіп, үйсіз жүргенін айтып айқайлаған. «Міне қол-аяғым протез. Бір жарым жыл талап етіп келемін. Мұнда қараусыз тұрған үйлер бар. Instagram желісіне шығарайық. Қазіргі таңда маған үй керек. Қараусыз тұрған үйлер көп. Қалай өмір сүреміз? Қызым кішкентай болғандықтан, үй керек. Үй ...

Читать далее »

Назарбаев Түймебаевтың бетіне айтты

«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жемқорлық мәселесін сынға алды. Онлайн арқылы өңірдегі атқарып жатқан жұмысын айтып марқайған облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың сөзін бөлген Президент, аймақта еден жуушы болу үшін де пара берілетінін айтты. «Бұл облыс басқалардан қалыс қалды деген сөз емес. Облыстың халқы тығыз қоныстанған. Арғы жағында өзбек ағайындармен байланысымыз жақсарып келеді. Оңтүстікте бәсекелестік ...

Читать далее »

Мәжілісте бетперде киген қыз депутаттардың алдында сөз сөйледі

Бұл туралы sputniknews.kz [хабарлады.  Ол балаларға арналған «111» сенім телефоны оған қиын жағдайда қалай көмектескенін айтып берді. Мінберге шығып сөз сөйлеген қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болған, алайда «111» сенім телефонына хабарласқаннан кейін, райынан қайтыпты   «Бүгін бір қыз осында келіп, өзі тап болған қиын жағдаймен бөлісуді жөн көрді. Ол бетперде киіп, мұндай қадамға не себепті барғанын айтып береді. Біз балаларды киіндіреміз, тамағын ...

Читать далее »

Министрліктің өкілі тілшінің  аяғын жаралады (видео)

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың баспасөз хатшысы сұрақ қоймақ болған тілшілерге кедергі жасап, аяғын қысып тастады. KADEX   көрмесінде қаза тапқан ер адам жөнінде және Байқоңыр туралы сұрақтан қашқан  Бейбіт  Атамқұловты   қорқамақ болған баспасөз хатшысы есікті қатты жауып, тілшілерді жібермей тұрып алды. Министрлік өкілінің бұл әрекетінен 31-арнаның тілшісі жарақат алған.

Читать далее »

KADEX көрмесінде көз жұмған адамның өзі кінәлі

Халықаралық көрмеге жауапты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ер адамның өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. 24 мамырда KADEX-2018 көрмесі кезінде қатты желден стенд құлап, ер адамның үстіне түскен болатын. Медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Министрдің сөзінше, қайтыс болған адамның көрме аумағына қалай кіргені белгісіз, өткізу  бекетіне тіркелмеген. «Ол күні ...

Читать далее »

Вице-министрдің «бетінен бет» қалмады

Астанада  «100 жаңа есім»  жобасының  жеңімпаздары бейнеленген баннерлер жыртылып жатыр. Елорданың сиқын бұзған суреттер арасында ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаевтың да бейнесі бар. Бас қаладағы сағызша созылған сақалды құрылыс нысандарының қоршауына бұрын жайқалған ну орманның суретін ілетін. Былтыр Экспомен жапты.   Ал қазір «100 жаңа есім»  жеңімпаздарының бейнесімен жауып қойған. 18 млн халықтың ішінен топ жарып шыққан ...

Читать далее »

Тұрсынбектің шатыры ұшып кетті (видео)

Астанадағы дүлей дауыл кезінде белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың меншігіндегі нысанның шатыры ұшып кеткен.   Оны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп, WhatsApp желісіне жіберген.  Бейнежазбадағы мәлімдеме бойынша, төбесі құлаған нысан Тұрсынбектің үйі немесе «ММ» өнер-білім орталығы болуы мүмкін. Айта кетейік, 22 мамыр күні Астанада аяқ астынан қатты дауыл тұрып қаланың астаң-кестеңі шықты. Бір сағаттың ішінде жиырмаға жуық адам ауруханаға түскен. Оқиға кезінде ғимараттардың ...

Читать далее »