Басты жаңалықтарҚоғам

Әскери билет керек емес

Военкоматтың маңына жоламай, қашып жүрген жігіттерге жағымды жаңалық. Елімізде бұдан былай жұмысқа орналасарда әскери билет керек емес. Нақтырақ айтсақ, құжаттың түпнұсқасы талап етілмейді. Қолына қару ұстағанын, ант қабылдағанын растайтын анықтамалардың барлығы цифрлық форматқа көшеді екен. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Дәстүрлі көк қағаздан бас тартқанымызбен, азаматтар туралы барлық дерек база арқылы тексеріледі. Сондай-ақ, әскери міндеттілерді тіркеу, есептен шығару жұмыстары да толық онлайн жүйеге ауыстырылмақ. Погондылар бұл ереже әскери форма кигендерді көрсе бұта-бұтаның арасымен қашатын азаматтарды Отан алдындағы борыштан босатпайтынын да еске салды

 

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button