Басты жаңалықтарҚоғам

Бас имам мешіт қызметкерлерін боқтап, садақаның ақшасын бермейді екен

Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты елдімекендердің біріндегі мешіт қызметкері әлеуметтік желіге жанайқайын айтты.  Қонар ата мешітінің азаншысы Жүніс Сартаев есімді жігіт  бас имамның былығын жария етіп, еліміздің  бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлынан көмек сұрады. 1 жыл 8 айдай жұмыс істеп келе жатқан дін өкілі мешіттің бас имамының бейәдеп қылықтарын тізіп салды.

«Мен 1 жыл 8 айдан бері бір рет болса да көзіммен көрген жоқпын. Имамдыққа шыққанын, болмаса жұманың құтпасына шыққанын көрген жоқпын. Тек жылына екі-үш рет уағызға шықты. Ол кісі мешіттің қасындағы офисте телефон шұқылап жатады», деген азаншы ғибадат үйіндегі былықтарды айтты.

Оның сөзінше, бас имам садақа жәшікке түскен ақшаны мешіттің қажетіне жұмсамай, халықтан ақша жинатады. Ал қоластындағылар осы мәселені айтып, сұрақ қойса боқтап, дауыс көтеріп, масқараларын шығарады екен.

«Мешіттің коммуналық қызметінің шығыны келген кезде бас имам бізге қысым көрсетеді. Ватсаптағы топтардан жамағаттан ақша жинап төлеңдер дейді. Мен жамағаттан жинаймын. Каспийде «историясы» тұр. Чектері бар. Ал жамағат маған ұрсады. Неге садақа жәшікке түскен ақшадан, медресенің құрылысына түскен ақшадан төлемейсіңдер деп сұрайды. Оны бас имамнан сұрасақ, ол бізге ұрсады. Шәкірттердің көзінше боқтап, балағаттаған кездері бар. Куәгерлер бар», дейді азаншы Жүніс Сартаев.

 

Дін жолында жүрген жігіт мешіттің былықты реттеу үшін өңірдегі ҚМДБ өкіліне де жүгінген. Олардан қайран болмаған соң Қазақстан Мұсылмандар діни Басқармасының төрағасы Наурызбай Тағанұлынан көмек сұрады.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button