Басты жаңалықтарСаясат
Депутат Мақсат Толықбайдың Шымкент әкімінің орынбасары болып кеткені рас па?
Жуырда ақпараттық порталдар депутат Мақсат Толықбайдың Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын жариялаған еді. Алайда, бүгін Мәжілістің кезекті отырысында өз қызметінде жүрген депутат тілшілердің сұрағына да жауап берді.
Мақсат Толықбай «Бұл ақпараттың қайдан шыққанын өзім де білмеймін» деп қысқа қайырды. Алайда өңірлерден ұсыныс түсіп жатқанын жасырмады.
Еске салайық, отандық телеарналарда жүргізуші болған Мақсат Толықбай 2023 жылғы 28 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Amanat партиясының мүшесі.
Үйленген, үш баласы бар.