Қытайдағы қазақтар тасқыннан зардап шеккендерге ақша аударды (видео)
Бұл туралы Мәжілі депутаты, әлеуметтік желі белсендісі Дәулет Мұқаев dauletten парақшасына жариялады.
Қытайда жүрген Қайша мен Қуаныш есімді отандасымыз көрші елдегі қазақстандықтардың басын қосып, еліміздегі төтенше жағдайға алаңдаушылық білдіретіндерін айтып, сол жерде 1 миллион теңге аударыпты.
«Ел басына күн туғанда қарап отырмайтын қыздарыңыздың бірі, Қазақтың қайсар Қайшасы деп танылған Қайша әпкеміз бен Қуаныш ағамызға риза болдым. (@kaisha_kerey, @kuanysh_0721✊)
Үнемі елім деп жүреді, қайырымдылықпен айналысады.
⠀
Қазір Қытайда жүрсе де, су басқан жаққа отбасыларының атынан 1 миллион тг атаса, өздері Қытайдағы Қазақстандықтардың басын қосып, оқырмандарын жұмылдырып тағы миллион жинап беріпті.
⠀
Енді бұйырса жылы киімдер мен шұлықтар тағы жібереміз деп отыр.
⠀
Ораза айында жасаған жақсылықтары қабыл болсын. Халықтың қамын жейтін аға-әпкелеріміз көп болсын» деп жазды dauletten
А.Орынғали