Белгілі шахматшы Бибісара Тоқаевтан көмек сұрады

Үндеу жолдаған қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің тарапынан жалақысының азайып кеткенін айтты. Оның сөзінше, Ербол Мырзабосынов министр болып келгелі шахматшының осы ведомстводан алатын 1 млн теңге айлығы үш есе қысқарыпты.
Бұдан бөлек, Бибісара Norway Chess турниріне дайындық кезінде жаттығу жиындарына өз қалтасынан және ата-анасының ақшасынан төлегенін мәлімдеді. Жарыста көмектескен секунданттар мен аналитиктерге әлі күнге қарыз екенін де жасырмады.
Жылдан жылға спорт министрлігімен жұмыс істеудің қиын екенін алға тартқан шахматшы әлем чемпионатындағы жетістігі үшін небәрі 2 мың доллар сыйақы алатынын, ал Олимпиада медалін алған спортшыларға 250 мың доллардан берілетінін де ренішін білдірді.
А.Нәби



