Басты жаңалықтарҚоғам
«Қазақ» газеті атындағы сыйлық тағайындалады
Қазақ сайттары рекдакторларының форумына қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.
«Бүгінгі жиынды пайдаланып, тағы бір жаңалықты жеткізгім келіп отыр. Алдағы жылы ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толады. Осыған орай, «Үркер» байқауы аясында «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықты тағайындауды жоспарлап отырмыз», — деді министр.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев БАҚ саласындағы арнайы стратегияның дайындалатынын жеткізді.
Айта кетейік, елімізде қазақ тілінде ақпарат тарататын 120 сайт бар екен. Оған мемлекет қазынасынан 2 млрд 700 млн теңге бөлінген.
Қазақ сайттарының рейтингі, контент сапасы мәселелерін талқылаған қатысушылар бюджеттен бөлінген қаржының сұрауы болуы керек деген бастама көтерді.
Форумды «Қазақстан» РТРК АҚ мен Қазақстандағы АҚШ елшілігі бірлесіп ұйымдастырған.