Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түлкібаста алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінде еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға сүбелі үлес қосып жүрген көпбалалы аналар “Алтын” және “Күміс” алқалармен марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты шараға аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Ербол Орманов қатысып, алтын құрсақты аналарды құттықтап, құрмет көрсетті.
Ауданда жыл сайын көпбалалы аналардың қатары артып келеді. Атап айтқанда, аудан көлемінде 825-алтын алқа, 1788-күміс алқа иегерлері тұрады. Бүгін 18 аяулы анаға «Алтын” және “Күміс” алқа табысталды.
А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button