«Бен Ладен» Астанада үш бөлмелі пәтер үшін соттасуда
Халықаралық құрылыс корпорациясы жалғызбасты ананы маңдай терімен алған баспанасынан қуып шықпақшы. Ал кәмелетке толмаған екі баласы мен зейнеттегі ата-анасы үшін ипотека рәсімдеген келіншек 13 жыл бойы несие төлеп келеді екен. Сонда шикілік неден шықты?
Отбасы үш бөлмелі пәтерге жаздыгүні көшкен. Бірақ содан бері ештеңе өзгермепті. Жұлым жұлым қабырғалар, тот басқан құбырлар сол қалпында тұр. Сөмкедегі киім-кешектері мен мүліктерін де шығармаған. Оған ешкімнің зауқы жоқ. Ұзаққа созылған сот процесі күш-жігерді сарқып кеткен.
АИДА ҚАРАКЕСЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Жүсіпов Қайрат деген нотариусқа барып келісім-шартты жасадық. Сол кісі құжаттар бәрі дұрыс деп растады. Риэлтор мен үйдің иесі де құжаттар дұрыс деп растады».
Осы үйді алу үшін Аида он жылын сарпыған. Алдымен ипотекаға екі бөлмелі пәтер сатып алыпты. Бірақ ол ата-анасы мен екі балаға таршылық еткен. Содан несиені жауып біткен соң, балалар таршық көрмей өсін деген ниетпен кең үй іздеген.
МӘЛІК МҰХТАРОВ, АИДА ҚАРАКЕСЕКОВАНЫҢ ӘКЕСІ: «Былайша айтқанда 13 жыл ішпей-жемей банкке төлеп тұрған. Квитанциялары бәрі қолында тұр. 13 төледі. Және екі баланың анасы ғой. Қиналған кездері болды ғой. Біз ата-ана ретінде көмектесіп тұрдық. Қолдап тұрдық. Бірақ ақшаның бәрін төлеген сол қыздың өзі. Еді ол қыз 32 келді. Осылайша өмірін сызып тастағалы тұр».
Жаңа пәтерді ұзақ іздеген. Орналасқан жері мен бағасы көңілден шыққан соң осы ауданнан аламыз деп шешеді. Сөйтіп Байдаулетовтен 24 млн 500 мың теңгеге сатып алады. Көшіп келгеннен кейін үшінші күні «Бен Ладен Груп» құрылыс компаниясының өкілі келеді. Ол жылжымайтын мүліктің иесі біз деп ескерту жасап кеткен. Шетелдік компанияға телефон шалып едік, көтермейді. Кеңсесін таба аламадық, көрсетілген мекен-жайда өзге фирма отырады.
МӘЛІК МҰХТАРОВ, АИДА ҚАРАКЕСЕКОВАНЫҢ ӘКЕСІ:«9 қараша 2017 жылы өткен сотына қатыстық. Ол жерде бір затқа түсінгенім мына Бен Ладен компаниясының ең басты талабы жаңағы 2012 жылдың 25 мамырында Байдәлетовпен жасалған келісім-шарттағы мөр біздікі емес дейді. Біздің бастық Язан деген кісі қол қойған жоқ дейді».
Байдәулетов бір кездері «Бен Ладен Групта» жұмыс жасаған. Кейін бөліп төлеймін деген шартпен пәтер алған. Қолында толық ақысын жапқан құжаттары бар. Бірақ компания ондағы мөрді мойындамай отыр. Ал сот шетелдік компанияның пайдасына орай шешім шығарған.
АЙСАНА СЫМАН, ЗАҢГЕР: «Бұл жерде біріншіден ҚР азаматшасының мүлікке байланысты құқығы бұзылып отыр. Екіншісі кәмелет жасқа толмаған балалардың құқығы бұзылып отыр. Зейнеткер ата-анасы бар екен солардың да құқығы бұзылып отыр. Сол үшін сот қараған кезде, шешім шығарған кезде осы мәселені толық қарау керек еді. Сол үшін қазіргі жағдайда опеляцияға барған кезде осы жағдайды айтып және оны арызда көрсетіп прокуратураға арызданып толық қаралсын, Бен ладен групттың ғана құқығы бұзылған жоқ. ҚР отбасыларының құқығы бұзылып жатқанын айту керек».
Қазіргі таңда Аида Қаракесекова сотқа опеляция бермекші. Заңгердің сөзінше, мұндай жағдайлар соңғы жылдары Астана мен Алматыда көбейген. Өйткені құқықтық механизм бұзылған. Риэтор мүлікті тауып бергенімен оның заңдылығына жауап бермейді. Дәл сол сияқты нотариусқа да ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Ал мүлікті кепілдендіру біздің елде мүлдем жоқ десе болады.
Ернұр Нұрғали Бейбіт Сұлтанбек БЖ