АЙМАҚБасты жаңалықтарҚоғам

Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы қалай төленеді?

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы көмек ретінде төленетін   қаржыдан бөлек, 150 мпр-ға дейінгі көлемде  тұрмыстық техника алуға ақша  берілетінін мәлімдеді.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қол қойдым. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады»,- премьер-министр.

Бұдан бөлек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үй-жайсыз қалғандардың шығыны қалай өтелетінін түсіндірді. Қысқасы тұрғындар әкімдікпен бірлесіп дайын пәтерлер сатып алады немесе өз қалауымен баспана таңдайды екен. Сондай-ақ, үйге бөлінетін 22 миллион теңге қолға берілмейді.

  «Үйді қайтып тұрғызады, болмаса әкімдік арқылы екінші нарықтан пәтерлер алады. Бірақ жөндеу жұмыстарын әкімдік пен құрылыс компаниялары жасайды. Әкімдік шешімі бойынша тек бірнеше өңірде қолдарына қаражат береміз. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана»,-деді Қанат Шарлапаев.

Айтпақшы, Шарлапаев саяжайдың шығынына қатысты  мәселеге  нүкте қойды. Су алған саяжайдан басқа тұрғынның атында баспанасы болмаса, онда  мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі.  Ал зардап шеккен азаматтың  қалада, өзге елдімекенде суға кеткен саяжайынан  басқа атында жылымайтын мүлкі болса онда   төлем ала алмайды екен.

«Саяжай туралы бәр нәрсе айтқым келеді. Зардап шеккен адамның жалғыз баспана болса осы кісіге мемлекет тарапынан қолдап көрсететін боламыз. Жалғыз баспана болса   әкімдіктің шешімі бойынша нақты осы жерде қайтып тұрғызбаймыз»,-деді министр.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында белгілі болғандай, жаңа ипотекалық бағдарламаның алгоритімі нақтыланды.  «Отбасы банк» төрағасының орынбасары «Наурыз» бағдарламасының мән-жайын түсіндірді. Нұрлан Ақшановтың сөзінше, өтінімдер 1-мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады. Ал жалпы несие беру рәсімі  1 шілде мен 15 желтоқсан аралығында жалғасады. Тағы бір маңызды тұсы, енді Астана мен Алматы бойынша баспана құны 36 млн теңге болса, өңірлерге 30 млн теңге етіп бекітілді.

 «Өтінімдерді  қабылдау биыл 1 мамырдан басталса, келесі жылы наурызда басталады. Ол 24 маусымға дейін созылады. Қабылданған үміткерлерді бағдарлама автоматты түрде іріктейді. Олардың тізімі банктің ресми сайтына жарияланады», деді Нұрлан Ақшанов.

Айта кетейік, әлеуметтік осал топқа – 7 пайыз, ал қалғандары үшін – 9 пайыз. Несие – 19 жылға беріледі. Бастапқы жарнасы -20 пайыз.  Тағы бір ақпарат.  Астана мен Алматыда банкпен келісім шартқа отырған  құрылыс компанияларының жаңадан салынған үйлерінен  берсілсе, өңірлерде қолданыстағы, пайдалануға берілген баспаналарды сатып алуға мүмкіндігі бар.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

 

Басқа материалдар

Back to top button