Басты жаңалықтарВидеоСпорт

Танымал екі спортшы Алматыда қонақүйде төбелесті (видео)

«ММА» шеберлері қонақүйде төбелес шығарды. Алматы қаласында өткелі жатқан «Найза 59» турнирінде өнер көрсететін қос спортшы жаға жыртысып, әлеуметті желіні шулатты.

Белгілі болғандай, жанжал Инстаграмда басталған. Қырғызстандық жекпе-жек шебері
Марсель Нұрланбеков қарсыласы Ануарбек Бекембетовты «кездесуден қашып жүр»,- деп, отандасымызды «қорқақ» деп атаған. Бұл сөзге шүйліккен қазақстандық спортшы қарап қалмай, оппоненті жатқан қонақүйге келіп, бөлмесінен шығарып алған. Сол жерде жанжал басталып, арты текетіреске ұласқан. Болған жайтты қазақ спортшысы өз инстаграм парақшасында жариялады. Пост астына ол «мен келдім, өз шаруамды бітірдім» деп жазба қалдырған. Айта кетейін, айыр қалпақ елінің жауырыны жер иіскемеген батыры мен атышулы отандасымыздың арасындағы жекпе-жек 26 сәуір күні өтеді.

А.Нәби

 

Басқа материалдар

Back to top button