Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
ТАСҚЫНДА ТҰЛПАРЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАҒА ДЕПУТАТ АТ МІНГІЗДІ (видео)
«Әке, Ханторыны құтқар!». Тасқын кезінде бәйге атынан айырылған кішкентай баланың әкесіне жазған осы бір хабарламасы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Алайда жүйрігінен айырылған жеткіншекке Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев тұлпар мінгізді.
Үш жасар бала – Ақтөбенің Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылында тұрады. Тасқын кезінде ауданның екі ауылы зардап шекті. Екпетал мен Шығанақ Берсиев ауылында 300-ге тарта үйге су кірді. Аудандық әкімдік баспанасыз қалғандарға үй салып беру үшін жер телімін дайындап отыр. Ол жерге 250 үй тұрғызуға мүмкіндік бар. Газ, су, электр желісіне дейін тартып қойған. Тұрғын үйдің жобасын мақұлдап, құрылыс компанияларымен келіссөз аяқталса, құрылысты бастап кетуге әзір.