Басты жаңалықтарСаясат

Назарбаев Путинге не үшін барды?

Демалыс күндері әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей басшысымен кездескені туралы ақпарат тарады. Фото, видео да жүрді. Осы кездесуге қатысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай пікір білдірді. Ол қоғамда қызу талқыланып жатқан көріністің астында бірде-бір позитивті пікір жазылмағанын  айтты.
— Ол не үшін барды? Пана іздеп барды ма, жеке қаржы активтерін сақтап қалуға кепілдік сұрап барды ма? Жеке қауіпсіздік мәселесі ме?  Жыл бойы елдің ішінде Назарбаевты ешқандай шарадан көрмейміз. Бірақ жылдың соңында жылт етіп Кремльде отырады… Бір емес, екі емес, үш емес, жылдағы жағдай қайталанып жатыр…. Елдік мәселемен барды дегенге ешкім сенбейді. Өте ыңғайсыз көрінді, қасақана істей ме? Әрі беріден соң бұл қауіпсіздік мәселесі ғой. Біздің өзіміз депутаттар шетелге сапармен не демалуға барсақ та сұранамыз. Себебі мемлекеттік құпияның біразын білеміз, оның айтылатыны, айтылмайтыны  бар. Ол кісі 30 жыл билікте отырған адам, қаншама құпияны біледі….?!,-деді Мақсат Толықбай.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button