Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Жастар от жағып жарысып жатыр

Жамбыл облысында ерекше жарыс өтіп жатыр.  «Дәм мен дәстүр» деп аталатын сайысқа еліміздің әр өңірінен, тіпті шетелден де келіпті. Мұнда қыз-жігіттер ошаққа қи жағып, қазанға ет салды. Тезектің шоғына таба нан пісірді. Ұлттық тағамдарды дайындап, құдаға, күйеу балаға және сыйлы қонаққа тартылатын жіліктердің түрлерін көрсетіп, сынға түсті.

— Бұл болып жатқан жарыс бізге керемет көмек болды. Пайдасы да тиіп жатыр. Біз секілді жас аспазшылар осындай байқаулардың арқасында ел көріп, жер көріп көп тәжірбие жинақтайды. Сондай-ақ, алдағы уақытта кез-келген мемлекетте оңай жұмыс істеп кете алады деп ойлаймын,-деді Қырғыз елінен келген қатысушы Эмир Тіленбаев.

Енді өңірдегі жергілікті атқарушы орган өкілдрі осы сайысты халықарлық деңгейде тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сөйтіп өзге де көршіліс мемлекеттерді байқауға тартып, өзара тәжірбие алмаспақ. Әзірге тау етегінде өткен додаға Өзбекстан мен Қырғыз студенттері қатысты.

-«Дәм мен дәстүр» дегеніміз өзіміздің ұлттық салт дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық тағамдарды дайындауға аса мән беріп отырмыз. Жалпы студенттер өздерінің өздері жинақтаған тәжірбиелерінің барлығын осы конкруста дағды түрінде көрсететін болады,-дейді облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Айбек Сапарғали.

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button