Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

ТАҒЫ ДА АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІ МЕН ЖОЛАУШЫ ТӨБЕЛЕСТІ

Алматыда тағы да жолаушылардың бірі автобус жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген. Жұмысқа асыққан күдікті тізгіншіге тез жүруін өтінген. Сөйтіп, сөзге келгендердің соңы төбелеспен тыныпты.

Автобусты тоқтатып қойып, жол жиегінде құдды бір-бірінде ақысы қалғандай төбелескендер елдің жағасын ұстатты. Жұдырық былай тұрсын, егде жастағы жүргізушіні теуіп, дымын қалдырмады. Екі-үш адам араша болғанымен, қырғын төбелесті ешкім тоқтата алмапты. Оқиға бүгін таңғы 8-дер шамасында болған. Әуелі қоғамдық көлік тізгіншісіне тез жүр деп бұйырыпты. Артынша, кабинаға кіріп, автобустың есігін өзі ашқан. Өз әрекетін «жұмысқа асықтым» деп ақтаған 38 жастағы азамат ұсталды. Кешірім сұрапты. Бірақ, заң кешірмейді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 «Сөзге келіспей қалдық. Сол жерде боқтасып, қол жұмсадым. Ол кісі де жағамнан алып. Төбелесіп кеттік. Кешірім сұрадым.  Адамгершілік ретінде сұрағанмын тез жүресіз ба деп. Ондай болатынын білген жоқпын»,- дейді күдікті.

Басқа материалдар

Back to top button