Басты жаңалықтарБілімТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Автоматты ұршықтай иірген ару рекорд жасады

 Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биылғы Рәміздер күні ерекше ұйымдастырылды. Мән-маңызы айырықша шаралардың бірі  №70 С. Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде өтті.
10-сынып оқушысы Әсел Барат  АК-74 автоматын 11 секунд ішінде бөлшектеп, 24 секунд ішінде жинақтап көпшілікті таң-тамаша етті. Аудан әкімі арнайы алғыс хатын ұсынып, өңірде патриот жастардың өсіп келе жатқанын мақтан етті.
 Айта кетейік, Әсел Барат халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өткізілген «Айбын – 2024» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңіне қатысып, қыздар арасында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан Түркістан облысы бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан еді.
 
 А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button