“Рух” сататын дүкен
Елордада ерекше дүкен бар. Аязға да қарамай, кептелісті де қиындық санамай ел-жұрт екі күннен бері сонда асығатын болған. Тіпті жұлдыздардың өзі жарысып барып жатқан көрінеді. Сауда орнына кірген адамдардың бірі қуанып, бірі көзіне жас алып шығады,- дейді. Бұл неғылған құдірет? “Еуразия” бірінші арнасы.
Көк байрағымызды әр бұрышқа бекіткені былай тұрсын, шарға да бейнелеп, төбеде қалықтатып қойыпты. Нысан иесі осылайша атаулы датаның маңызына мән беріп, отандастарға рух сыйлағым келді, — дейді.
«Біздің ұйқымыз тыныш ең бастысы. Біздің Президентіміздің бастамасымен қаншама шаралар жасалып жатыр, қаншама кәсіпорындар ашылып жатыр. Қаншама кәсіпкерлерге қолдау беріліп жатыр. Неге осылай біздің тәуелсіздік күнімізге осындай жағдай жасамасқа? Бізден кейінгі өсіп жатқан, өніп жатқан ұл-қыздарымызға, інілерімізге мысал үшін осының өзі тәрбие емес пе? Осының өзі өнеге емес пе?»,-дейді кәсіпкер Темірхан Сапаров.
Дүкен ішіне мың байрақ қойылып, 4 мың шар ілінген. Кәсіпкер бұл үшін 2 миллион теңге қаражат жұмсаған екен. Бәрінен бұрын уақыт – қымбат. Жеті күн, жеті түн ұйықтамай еңбек еттік, — дейді. Безендіруге үлкендермен қатар, кішкентай патриоттар да қатысқан.
Дүкен иесі маған жәй ғана көрші болып табылады. Мен дүкен иесіне келіп, жұмыс сұрадым. Осы безендіруге бізге бір апта кетті. Тәуелсіздік найзаның ұшы және білектің күшімен келген. Сол себепті мен осы тәуелсіздік күнін өте қатты қадірлеймін»,-дейді оқушы Нұрбек Сағымбаев.
Сауда орнындағы көріністің кім-кімге де ерекше сезім сыйлайтыны анық. Кей тұрғындар аузын ашып, көзін жұмып таңғалса, енді бірі жанарға жас алып, толқыды.
Иә, ерекше дүкен жайлы ел-жұрт, әсіресе, желіден біліп, жарысып келуде. Арасында танымал азаматтар да бар. Алғашқылардың бірі болып мұнда актер Нұрлан Қоянбаев бас сұғып, кәсіпкерге ризашылығын жеткізді. Блогерлер де арнайы сауда жасап, қолдау көрсетіп жатыр. Мына безендірудің бәрі бір апта тұрып, қоқысқа кетпейді. Байрақтар мен рәміз бейнеленген бүкіл шарды 16-желтоқсан күні тұрғындарға таратпақ.



