Басты жаңалықтарБілімРЕГИОН
БАЛАБАҚШАДА 13 ТОННА ШАЙДЫ КІМ ІШЕДІ?
Абай облысындағы ұл — қыздар шайды жақсы ішетін сияқты. Аймақтағы балабақшалардың бірі 13 тонна шай сатып алмақ болған. Абырой болғанда, Антикор Ақсуат ауданындағы аста — төк шығынның алдын алыпты. Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер тауардың көлемін 13 тоннадан 19 келіге дейін түсіріп, 57 миллион теңгені үнемдеген. Сондай — аяқ Аягөз ауданындағы мектептердің бірі 3 миллион теңгеге 3 дана шаңсорғыш сатып алмақ болыпты. Нарықтағы орташа құны 300 мың теңге тұратын тұрмыстық техникаға тым қымбат баға қойғандардың ойлағаны іске аспай, сатып алу құны 900 мың теңгеге төмендетілді.
ФОТО: Ашық дереккөз