Қазақстанда TikTok-қа тыйым салына ма?
КСМ: Елімізде Тик — Ток-қа тыйым салына ма? Депутат Ерлан Саиров атышулы әлеуметтік желіге қарсылығын білдіріп, Үкімет басшысына сауал жолдады. Жастарды ата — баба тәлімі емес, атышулы әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр деп ашынған мәжілісмен қытайлық платформада суицидке итермелеп, порнографияны дәріптейтін контент көп екенін айтты. Оны көрген ұл — қыздар зорлық — зомбылықтың құрбаны болып, ойынқұмарлық дертіне ұшырап жатқан көрінеді. Екі жылдың ішінде 14 миллионнан астам отандасымыз тіркелген Тик — Токтың қаупін тотқтату үшін халық қалаулысы премьер — министр Олжас Бектеновке сауалын былай жеткізді.
«Жуырда қабылданған онлайн платформалар заңына сәйкес ТикТоктағы адамзаттың моральдық және тағы басқа құндылықтарына қарсы келетін, яғни заңға қайшы барлық контенттерге шектеу қою.Балалардың санасын улайтын, түрлі теріс ағымдарға еліктіріп әкететін, олардың санасында қоғам туралы түсінікті дұрыс қалыптастырмайтын контенттерді бұғаулау.ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қатаң шектеу немесе Қытай тәжірибесіндегідей балаларға арналған балама форматын ғана қолдануды енгізу»»деді депутат Ерлан Сайыров.
ФОТО: Ашық дереккөз
З.Ахметова