Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

“Евразия” телеарнасы ұтысқа пәтер тікті (видео)

«Еуразия бірінші арнасы» үздік көрерменге пәтер сыйлайды. 15-ші сәуірден бастап, біздің телеарнада бұрын соңды болмаған «ТЕЛЕБУМ» телевизиялық викторинасы басталады. Енді арна көрермендеріне теледидар тамашалай отырып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік бар. Ал ұтысқа қатысу тегін. Дегенмен 18 жасқа толған болу керек. Басты шарттары мынадай. ((КІРУ)) Көрермендер күні бойы эфирді мұқият бақылап, экранда кез-келген уақытта шығатын 3 нөмірді табу қажет. Сандарды бір минут ішінде біздің @teleboom1tv_bot деп аталатын арнайы телеграм ботымызға жіберу керек. Қаншалықты көп цифр болса, жеңімпаздар үштігіне енуге мүмкіндігіңіз де жоғарылайды.
Оның нәтижесі әр дүйсенбі сайын сағат 9:00-де «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасының эфирінде жарияланады. Ал жыл соңында біздің арнаның ең адал екі телекөрерменіне Алматыдан пәтер немесе көлік иесі атану мүмкіндігі беріледі. Сізде «Телебум» — ға қатысып, бағыңызды сынап көріңіз

Басқа материалдар

Back to top button