Басты жаңалықтарҚоғам
Дариға Назарбаеваға арналған ән

Ел арасында кеңінен танылған «Дариға жүрек» әні Дариға Назарбаеваға арналыпты. Бұл туралы осы шығарманының әнін де, сөзінде жазған автор Бауыржан Есебаев айтты. Медиа жобалардың біріне берген сұхбатында ол әннің қалай шыққанын баяндап берді.
-2004 жылы ұмытпасам, Дариға Назарбаева «Хабар» агенттігінің төрайым еді. Сол уақытта сол кісінің туған күні жақындағанда «Дариға жүрек» әнін жазып, «Хабар» агенттігіне ұсындым,-дейді туындының авторы Бауыржан Есебаев.
«Хабар» ұжымы әнді композитор, музыкант Ринат Гайсинге өңдетіп, Медеу Арынбаевқа орындатқан.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



